Алматыдағы клиника Есильский р-н, ЖК Асыл парк пр. Мангилик Ел 29/1
Жабу
img-22

Хирургиялық стоматология

Хирургиялық стоматология – «Иматэк-Дент» клиникасының тәжірибесінде  терапевтік емдеу тәсілдері тісті сақтай алмайтын жағдайда ғана тістер жұлынады:  егер тіс беттің ішкі шырышты қабатын үнемі жарақаттайтын немесе егер тіс қатарында тіс дұрыс орналаспаған болса, әртүрлі қабынулардың пайда болу қаупі бар.

Біздің клиникамызда тістерді сақтап қалу мүмкін болмайтын ерекше жағдайларда ғана тістерді жұлу процедурасына жүгінеді. Тіс бәрібір жұлынған кезде заманауи және тиімді жансыздандыру препараттары мен қалпына келтіру емінің кешені қолданылады.

Стоматологтың барлық ота түрлерінен болатын аурысынуды тиімді басуды қамтамасыз ету қабілеті – сапалы стоматологиялық емдеудің ең қажетті шарты.

Пациентке барынша қолайлы жағдай жасауға бағыттала отырып, «ИМАТЭК-ДЕНТ» клиникасында біз бұл процедураның физикалық және психологиялық жағынан жайлы өтуі үшін барлық жағдайды жасадық. Клиникамызда                          әрбір пациенттің барлық қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, анестезияның заманауи әдістерін қолданамыз. Дәрі-дәрмекпен дұрыс емдеу және қазіргі ауырсынуды басу әдістемелерін меңгеру ине салудан және ота жасау кезіндегі қорқынышпен байланысты жағымсыз сәттерді арылуға мүмкіндік береді.

Біздің клиникада Сіз стоматология саласындағы келесі хирургиялық қызметтерді пайдалана аласыз: 

  • тісті қарапайым және күрделі жұлу
  • дұрыс шыға алмаған ақыл тісті жұлу
  • хирургиялық кюретаж
  • 3D технологиялардың бақылауымен заманауи жабдықта имплантаттарды енгізу.
  • Имплантат саласындағы гингивопластика
  • Ашық синус-лифтинг операциясы
  • Жабық Синус-лифтинг операциясы
  • Гингивопластика
  • Тіл (ерін) жүгеншігінің пластикасы операциясы
  • Цистотомия (жаңа түзілулерді алып тастау)
  • Күләпараны тілу
  • Шырышты қабатты тіліп, экзостоздар мен сүйек тікендерін алу
  • Цистотомия (жаңа түзілулерді алып тастау)
  • Перфорациялық тесіктің пластикасы
  • Альвеолы өсіндінің остеопластикасы

Біздің клиникадағы дәрігерлер қалпына келтіруші операциялардың әртүрлі әдістемелерін меңгерген. Заманауи жабдықтар мен анестезияның арқасында барлық хирургиялық процедуралар ауырсынусыз және мүлдем қауіпсіз болып табылады. Тексеру және емдеу кезінде заманауи жабдықтар, 3D диагностика және жаңа материалдар пайдаланылады. Жаңа жетістіктердің арқасында біз заманауи емдеу түрін ұсына аламыз! Технологиялардың қарқынды даму деңгейіне қарамастан, сапалы емдеудің ең маңызды элементі дәрігерлер болып табылады. «ИМАТЭК-ДЕНТ» стоматологиялық клиникасында ең күрделі операцияларды орындайтын жоғары деңгейдегі мамандар жұмыс істейді.

',