Алматыдағы клиника Есильский р-н, ЖК Асыл парк пр. Мангилик Ел 29/1
Жабу
img-22

Ортопедия

Бір тістен айырылу  – бұл бүкіл тіс-жақ сүйек жүйесіндегі тепе-теңдіктің бұзылуына және келеңсіз салдарға алып келуі мүмкін:

  • тамақты дұрыс шайнамау
  • қызыл иек пен сүйект тінінің жансыздануы
  • тіс қатарының жылжып кетуі
  • самай-төменгі жақ буынының өзгеруі 

Түптеп келгенде, эстетика бұзылады. Сондықтан тістер болмаған кезде ортопедиялық ем қабылдау қажет. Біздің клиникада эстетикалық протездеу және жалпы протездеу түсінігі бар. Сәйкесінше, «ИМАТЭК-ДЕНТ» клиникасында дайындалатын протездердің барлығы бұл жоғары эстетикалық конструкциялар, себебі сұлулық пен эстетика – уақыт талабы.

Ортопедическая стоматология - это область стоматологии, которая фокусируется на протезировании зубов в целях  улучшения функциональности и эстетики. Ортопедическая стоматология предлагает множество процедур, начиная с таких базовых процедур, как пломбы, коронки и отбеливание зубов, и до самых сложных, таких как протезирование при отсутствии большого количества зубов, лечение зубной эрозии и сложных нарушений функции челюсти

img-38
img-37

Ортопедическая стоматология - это область стоматологии, которая фокусируется на протезировании зубов в целях  улучшения функциональности и эстетики. Ортопедическая стоматология предлагает множество процедур, начиная с таких базовых процедур, как пломбы, коронки и отбеливание зубов, и до самых сложных, таких как протезирование при отсутствии большого количества зубов, лечение зубной эрозии и сложных нарушений функции челюсти

img-38
img-37

Ортопедическая стоматология - это область стоматологии, которая фокусируется на протезировании зубов в целях  улучшения функциональности и эстетики. Ортопедическая стоматология предлагает множество процедур, начиная с таких базовых процедур, как пломбы, коронки и отбеливание зубов, и до самых сложных, таких как протезирование при отсутствии большого количества зубов, лечение зубной эрозии и сложных нарушений функции челюсти

img-38
img-37

Ортопедическая стоматология - это область стоматологии, которая фокусируется на протезировании зубов в целях  улучшения функциональности и эстетики. Ортопедическая стоматология предлагает множество процедур, начиная с таких базовых процедур, как пломбы, коронки и отбеливание зубов, и до самых сложных, таких как протезирование при отсутствии большого количества зубов, лечение зубной эрозии и сложных нарушений функции челюсти

img-38
img-37

Стоматологиялық клиникада тістерді протездеудің түрлері
Цирконий тотығынан протездер мен тіс қаптары

Циркон – жер қыртысындағы ең ежелгі және көп таралған минералдардың бірі. Бұл химиялық элементтен цирконий қостотығы – 20 жылдан астам уақыт әлемдік хирургия мен стоматологияда қолданылып келе жатқан жоғары технологиялық материал алынады. Енді оны стоматологияда пайдалануға мүмкіндік туды.

Металл кермамикаға қарағанда – цирконий қостотығы биосәйкестігі барынша жоғары материал, ол заманауи тіс протездерін дайындауға қажетті ең жақсы сипаттамаларға ие:

  • жоғары жарық өткізгіштік;
  • пациент тістерінің түсін өзіне сәйкестіріп жасау;
  • тісте қара жиектерің болмауы;
  • металдың мүлдем болмауы;
  • шамадан тыс жоғары беріктік;
  • ұзақ қызмет ету және әсемдік.

Цирконий конструкциясы табиғи көрінетіні соншалықты, тіпті стоматологтың өзі оны ауыз қуысында көре алмайды. Біз болашақ цирконий протездерін жасатушы адамдар үшін қуаныштымыз, себебі олардың ауыз қуысында протездің бар екенін ешкім ешқашан білмейді – олар өз тістеріндей көрінеді

Цирконий тіс қаптамаларының ашық түсі жас ұлғайған сайын қызыл иектің төмен түсуінен тіс протездерінде жиі пайда болатын қара жиектердің түзілуіне жол бермейді. Цирконий тіс қаптамаларының қышқылға төзімді және кеуексіз материалы улы заттардың сіңуіне кедергі жасайды, пародонтоздың дамуын болдырмайды және протездерді тез және оңай тазалауға көмектеседі.

CAD / CAM 5М жүйесі және материалдың тамаша технологиялық қасиеттерінің арқасында пациенттерге жайлылық сезіміне кепілдік береді. Цирконий қостотығы – құрамында мүлдем металл жоқ материал. Қолда бар ғылыми зерттеулерге сәйкес, цирконий тіс қаптамалары аллергия немесе ауыз қуысында үйлеспеушілік белгілерін тудырмайды. Сонымен қатар, цирконий қостотығы ауыз қуысының шырышты қабығымен және ұлпаларымен биосәйкес келеді, сондай-ақ жүйкеге жұмсақ әсер етеді, себебі  металл негізіндегі тіс протездерімен салыстырғанда жылу өткізгіштігі төмен.

Бұдан басқа, қарапайым тазалау процедурасы пародонтоздың пайда болуына кедергі келтіреді. Протездің цирконий қостотығынан дұрыс дайындалған тіс-техникалық конструкциясы – бұл мәңгі нәтижеге жасалған инвестиция. Материалдың өте жоғары беріктігі мен тығыздығының арқасында мұндай протез ауыз қуысының әртүрлі бөліктеріне түсетін ең жоғары шайнау күшіне төзімді, тозбайды, демек түсі өзгермейді.

Табиғи тістермен оптикалық ұқсастығы, төзімділігі және кию ыңғайлылығы – тіс қаптамалары немесе үлкен көпір тәрізді протез болсын – цирконий қостотығы тіс протезінің сапасы мен қызмет ету мерзіміне қойылатын барлық жоғары талаптарға сәйкес келеді. Сонымен қатар, протездеу процедурасынан кейін тістер сау және күтім жасалған  күйінде болады.

Металл керамикадан тіс протездері 

Бүгінгі таңда ең кең тараған алынбайтын протездердің түрі — металл керамика.                 Металл керамика металдың беріктігі мен керамиканың әсемдігі яасиеттерін біріктіреді,               30 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Бүгінде металл керамика – алынбайтын тістерді протездеудің ең қауіпсіз, қымбат емес, сол себепті сұранысқа ие түрлерінің бірі. Ең алдымен, өзінің сипаттамалары бойынша ол шынайы тістің эмаліне ұқсайды. Оның үстіне, протездерді орнатудың басқа әдістерімен салыстырғанда бұл – ең жақсы және тиімді түрі. Бірақ, кейбір қасиеттері бойынша цирконий тіс қаптамаларына жетпейді.  

Металсыз тіс қаптамаларымен протездеу

Металл керамиканың көмегімен сипаттамалары бойынша табиғи тістерге ұқсас болатын мінсіз тістерге қол жеткізуге болады. Және оның эстетикалық және жұмыс сипаттамалары тамаша болады. Тіс қаптамаларын орнату үшін тісті дайындайды, содан кейін металл керамика оларға барынша тығыз бекітіледі, яғни мұндай әдіспен тісжегі пайда болмайды. Сонымен қатар, бұл материал ұзақ қызмет етуімен ерекшеленеді. Бірақ әркімнің  қауіпсіздігі үшін – протездеумен тек тәжірибелі мамандар ғана айналысуы керек.

Стоматологиядағы жетістік бір орында тұрмайды, және бір кездері параметрлері бойынша табиғи тіске барынша жақын тіс протезін жасауда мінсіз болып көрінген протездеудің бүгінгі күні металлсыз керамика түріндегі лайықты баламасы бар.

Тістерді протездеу кезінде керамикалық материалдар ауыз қуысының тіндерімен биологиялық үйлесімді болып табылады, ол фарфор винирлердің көмегімен эмаль қабаты шегінде (0,3-0,7 мм) жұмыс істей отырып, тіс пішінін қалпына келтіруге (немесе қажет болса өзгертуге) мүмкіндік береді

Керамиканың көмегімен цирконий қостотығынан жасалған қаңқалардың негізінде тіс қатарларының ақаулықтарын жөндеуге, сондай-ақ өңдеу кезінде тіс тінінің жарақат алуын барынша азайтуға болады, нәтижесі — беріктігі жоғары конструкция және табиғи тістермен салыстыруға болатын эстетикалық әсер.
Әрине, егер жер бетінде «барлық аурулардан мінсіз рецепті» болса — емдеудің осыншама көп түрлері болмас еді, бірақ осы алуандылық әрбір пациенттің жағдайын ескере отырып, ол  үшін жеке шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жеке тіс қаптамасы

Егер сау тістердің қатарында біреуінің ақауы болса, онда бұл жағдайда жеке тіс қаптамасын пайдаланған дұрыс. Әдетте, тіс қаптамасы пломба салу арқылы қалпына келтіруге болмайтын қатты зақымдалған тіске кигізіледі. Егер осындай тісті қаптамамен нығайтпаса, онда оны сақтап қалу мүмкін болмайды және имплантацияның едәуір күрделі және қымбат тұратын түріне жүгіну тура келеді.

Көпір тәрізді протез

Көпір тәрізді протез бір немесе бірнеше жоқ тістерді алмастырады. Көпір тәрізді протез жақтың екі жағында да мықты дені сау тістер болған жағдайда ғана орнатылады. Көпір тәрізді протезді көрші тұрған (тірек) тістерге бекіту үшін бекітуші элементтер – арнайы қаптамалар пайдаланылады. Қаптамаларды орнатардың алдында тірек тістерді әдетте өңдейді. Көпірдің көмегімен протездеудің басты кемшіліктерінің бірі осында. Қазіргі заманғы стоматологияда көпір тәрізді протездің баламасы – тісті имплантациялау бар. 

Имплантаттар

Қазіргі заманғы ортопедияда жоқ тістерді протездеу үшін тірек ретінде стоматологиялық имплантаттар пайдаланылады. Тіс имплантаты – бұл жаққа салынатын жасанды түбір. Оларға тіс қаптамалары немесе алынбайтын, сонымен бірге алынатын тіс протездері бекітіледі. Тіс қаптамалары металл керамикадан, сондай-ақ цирконий тотығынан және  басқа да заманауи материалдардан жасалуы мүмкін.
Тіс импланттарына тірек жасап, протездеудің барлық артықшылықтары кезінде мұндай емнің бағасы – пациенттерді көбірек осы мәселе толғандырады. 

Винирлер

Винир тістің көрінетін бөлігін жабатын және оған өте дәл жанасатын жұқа, керамикалық жапсырма. Жасанды тырнақтар әйелдердің қолын әсем көрсететіндей винирлер тістің беткі қабатын мінсіз етеді және күлкіңізді әсем етеді. Винирді орнату үшін тістің жұқа қабаты алынып, дайындалған тістен жоғары дәлдікте қалып жасалады. Меншікті тіс техникалық зертханада дайындалғаннан кейін керамикалық эмаль жапсырмамен ол тіске берік жабыстырылады. Протездеудің мұндай түрі дәрігердің жоғары біліктілігі және талғамын талап етеді.

Алынбайтын тіс протездері

Егер ауыз қуысында жеткілікті көп тістер түсіп қалса, сізге алынбайтын тіс протезін дайындауды ұсынамыз. Алынбайтын протездер ыңғайлырақ және алынбалы протездерге қарағандар шайнау қызметін жақсы қалпына келтіреді. Әдетте олар қалған өз тістеріне немесе салынатын имплантаттарға (өз тістері болмаған жағдайда) бекітіледі. Алынбайтын тіс протездері қолданылатын материалдармен, конструкциялармен, бағасымен ерекшеленеді. Біздің стоматолог дәрігер алдымен тістерді протездеудің әртүрлі нұсқаларын ұсынып, оларды бағасын көрсетеді. Ол Сізге тістерді протездеудің қандай да бір түрі мен жекелеген операциялардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы егжей-тегжейлі айтып береді.

Алынбалы тіс протездері

Пациент тістерінің көп бөлігі жоқ және алынбайтын конструкцияны ауызда бекіту мүмкін болмайтын жағдайлар жиі орын алып жатады. Сол кезде алынбалы тіс протездеріне кезек келеді. Сонымен бірге, олар әдетте алынбайтын протездерге қарағанда арзандау болады.
Алынбалы конструкциялар толық (тістер жоқ кезде) және жартылай (жекелеген тістер болған кезде) орнатылады. Алынбалы тіс протездері пластина және бюгелді (доғалы немесе тірелетін) болып бөлінеді. Соңғыларында протездің пластмасса негізінің көп  бөлігі металл доғаға ауыстырылады.
Бюгелді тіс протездері шайнау күші қызыл иек пен жақтың сүйек тініне ғана емес, сондай-ақ арнайы тетіктер – кламерлер  арқылы тірек тістерге де беріледі. Кламерлер металл немесе пластина болуы мүмкін.

Алынбалы пластиналы протездер альвеолалы өсіндіге ғана тіреледі.
Дегенмен, алынбалы протез алынбайтын конструкция секілді ауыз қуысында ешқашан жақсы бекітілмейтінін түсінген жөн. Егер Сіз ауыз қуысында алынбалы протездің болуын қаламасаңыз, ал тістеріңіздің көбі жоқ болса, онда Сізге имплантациялау мүмкіндігі ұсынылатын болады.

Біздік клиникада zirkonzahn фирмасының cad/cam milling unit m5 жүйесінің көмегімен жоғары дәлдіктегі цирконий тіс қаптамалары дайындалады,  оларды қолдану біздің пациенттерге эстетикалық жағынан әдемі және сапалы, сондай-ақ жоғары дәлдіктегі тіс протездерін ұсынуға мүмкіндік береді.

',